Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов бокстан кіші әлем чемпионаты деп аталатын «Странджа» халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтың 1/8 финалдағы қарсыласы сербиялық Артем Агеев болды. 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кездесуде Бекзад төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Оразбек Асылқұлов 1/4 финалға жолдама алған болатын.

Фото: Donat Sorokin\TASS via Getty Images