Неймар ПСЖ футбол клубының кеңесшісі Луиш Кампушқа ұрыс кезінде не айтқаны белгілі болды.

Франция чемпионатының 23-туры аясында өткен «Монакоға» қарсы матчтан кейін футболшы мен кеңесші арасында түсініспеушілік болған.

Бірінші таймнан соң Кампуш кейбір футболшылардың ойынына көңілі толмайтынын айтқан. Бұған Неймар оның бапкер емес екенін, онымен сөйлесуге құқы жоқ екенін ескертіп, жауап берген.