23 ақпанда қарағандылық «Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында мәскеулік «Спартактың» жастар командасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спартак» жастар арасындағы Ресей чемпионатында 8 матчта 11 ұпай жинап, төртінші орында тұр.

«Шахтер» – «Спартак» (жастар) матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.