«Шерифке» тиесілі қазақстандық футболшы Данил Анкудинов мансабын Армения чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 жастағы шабуылшыны 20 турдан кейін Армения Премьер-лигасында бесінші орында тұрған «Ван» клубы алты айға жалға алды.

Бұған дейін Анкудинов «Шериф» пен ресейлік «Родина» командаларында ойнаған. Қазақстан жастар құрамасына шақырылды.