Гвинея құрамасының қорғаушысы Проспер Менди қызылордалық «Қайсар» сапына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Менди карьерасының басым бөлігін еуропалық клубтарда өткізді, оның ішінде франциялық «Монфермайл», норвегиялық «Стремсгодсет», бельгиялық «Виртон» және болгариялық «Спартак Варна» сапында ойнады.