«Қайраттың» бас директоры Асқар Есімов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында израильдік қорғаушы Офри Арадтың командамен келісімшартқа қол қоюына түсініктеме берді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Асқар Асылбекұлы, жаңа қорғаушы – Офри Арадтың келісімшартқа қол қоюы туралы пікіріңізді білдірсеңіз.

– Бірінші кезекте, Офридің біздің клуб құрамасына қосылғанына өте қуаныштымыз. Біз Офри Арадты еурокубоктарда бізге қарсы ойнағаннан бері ұзақ уақыт бойы бақылап келдік. Енді онымен қол қоюға мүмкіндік туды, ал біз болсақ, оны пайдаландық. Бұл халықаралық тәжірибесі мол сапалы қорғаушы. Біз «Маккабимен» өзара тиімді шарттарға қол қойдық. «Маккаби» жалдау мерзімі ішінде оның жалақысының бір бөлігін төлейді деген келісімге келдік.