«Ливерпульдің» бұрынғы жартылай қорғаушысы әрі «Рейнджерс» пен «Астон Вилла» клубының бұрынғы бас бапкері Стивен Джеррард ПСЖ-ны баптауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Шотландиялық Daily Express басылымының хабарлауынша, француз клубының басшылығы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің бірінші ойынында «Бавариядан» (0:1) жеңілгеннен кейін маман Кристоф Галтиерден көңілі қалған және бас бапкерді ауыстыруды қарастырып жатыр.

ПСЖ бас бапкерлігіне үміткерлер арасында басшылық команданы күшейтуге қабілетті маңызды тұлға деп санайтын Джеррард та қарастырылуда.