«Ливерпульдің» шабуылшысы Дарвин Нуньес мадридтік «Реалдың» қақпасына гол соғып, рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уругвайлық 1/8 финалдың бірінші матчында үшінші минут оныншы секундта есеп ашты. Opta мәліметінше, бұл Ливерпуль үшін Чемпиондар лигасының өз алаңындағы матчтарындағы ең жылдам гол болды.

Еске салайық, мерсисайдтықтар Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы матчта мадридтік «Реалдан» жеңіліс тапқан болатын.

«Реалдың» «Ливерпульге» қарсы екінші ойыны 15 наурызда Сантьяго Бернабеуде өтеді.