Қазақстандық боксшы Айдын Елжанов (6-1, 4 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін білді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Спортшының келесі жекпе-жегі 1 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сакраменто қаласында өтеді.

30 жастағы боксшы жақында төрт жарым жылдағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық Трентон Гибсонды (2-5, 1 КО) нокаутқа түсірді.