«Рома» шабуылшы Тэмми Абрахам жазғы трансфер кезеңінде клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Calciomercatoweb мәліметінше, А сериясының клубы 25 жастағы футболшыны 80 миллион еуроға сатуға дайын.

2022/2023 маусымында Тэмми Абрахам «Рома» сапында 31 матч өткізіп, жеті гол соғып, бес нәтижелі пас берген.

Айта кетейік, римдік клубқа ауысқанға дейін «Челси» түлегі Тэмми Абрахам тек Англияда өнер көрсеткен.