Әзірбайжан астанасы Бакуде батуттық гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Жекелей сында отандасымыз Данил Мұсабаевқа тең келер ешкім болмады. Қарағандылық спортшы 59.240 ұпай жинап жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар жұптық сайыста Данил командаласы Пирмаммад Алиевпен бірге синхронды секіруде топ жарды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Әлем Кубогы кезеңінде 2 алтын жүлде иеленді.