Қатар астанасы Дохада желкенді қайық спортынан халықаралық жарыс аяқталды. Ұлттық құрама спортшылары бәл бәсекеде 2 жүлдеге қол жеткізді.

Әуелі «Лазер стандарт» санатында сынға түскен қазақстандық Антон Гаас қола жүлдегер атанды. Ал тағы бір отандасымыз Берік Кубаев 470 класында күміске ие болды.

Айта кетейік, додаға әлемнің 7 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты.