Қазақстандық жас теннисші Таира Әбділдаева Пәкстанда жасөспірімдер арасында ITF J30 турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Т.Әбділдаева жұптық сында ресейлік Влада Гурлеевамен бірге финалда тағы бір қазақстандық Анастасия Ким – қытайлық Си Джиншуді 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Таира – Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жаста.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Монтеррей (Мексика) челленджер жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады. Ол америкалық Эван Кингтен басым түсті – 7:5, 6:3. Енді іріктеу сайыстарының финалында италиялық Стефано Наполитаноны жеңсе, негізгі додаға жолдама алады.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов Рио-де-Жанейро (Бразилия) ATP 500 турнирінің іріктеу сатысында корт иелері Жуан Фонсека – Матеуш Алвешке жол берді – 6:7 (3:7), 2:6.

Тимофей Скатовтың да Бразилиядағы осы жарыста жолы болмады. Ол тағы бір бразилиялық Эдуардо Рибейродан жеңілді – 6:2, 2:6, 4:6.

Фото: ktf.kz