«Астананың» қорғаушысы Абзал Бейсебеков «Мариборға» қарсы қарымта матч жайлы өз пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Мақсатымыз бір – бұл жеңіске жету. Ойынға тыңғылықты дайындалдық. Барша қазақстандықтар бізден жеңіс күтеді. Қарсылас команданың кемшіліктерін айта алмаймын, оны бас бапкердің сұраңыз», - деді Абзал. 

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын ертең астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.