Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Астана»-«Марибор» қарымта матч алдында қазақстандық ұжымның бас бапкері Станимир Стойлов тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Ертеңгі кездесуден тек жеңіс күтемін. Бірінші ойында жақсы ойнадық, бірақ гол соға алмадық. Бұған қоса гол жіберіп алдық. Қарымта ойында «Мариборды» таң қалдыруға дайынбыз.  

- Бірінші кездесуде қорғанысқа көп көңіл бөлдіңіз. Ертеңге ойынға қандай тактика дайындадыңыз?

- Қорғаныс пен шабуылда да жақсы ойнасақ, келесі кезеңге өте аламыз. Иә, бізге гол соғу керек, сонымен қатар қорғаныста да мұқият болуымыз қажет. Себебі бір гол жіберіп алсақ, үш голмен жауап беруіміз керек. Ал Еуропада үш гол соғу, бұл өте ауыр жұмыс. Дегенменде, келесі кезеңгі өту үшін бар күшімізді саламыз.  

- Ненад Эрич ертеңгі ойынға қатысады ма?

- Ненад жарақатынан толық емделген жоқ. Сондықтан ертең қосалқы құрамда болады.

- Неліктен Словениядағы кездесуде Фокси негізгі құрамда шықпады?

- Қазіргі таңда, оның ойынына көңілім толмауда. Сол себепті Словениядағы кездесуде негізгі құрамда шықпады.  

 

«Астана» ФК ресми сайтынан*