Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Монтеррейде (Мексика) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің іріктеу кезеңінде финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің бірінші айналымында Евсеев америкалық Эван Кингті екі сетте жеңді.

1 сағат 29 минутқа созылған кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, келесі айналымда отандасымыз Кристиан Родригес (Колумбия) — Стефано Наполитано (Италия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.