«ПСЖ» шабуылшысы Неймар Франция чемпионатының 24-туры аясындағы «Лилльге» қарсы ойында тобығын жарақаттап алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бразилиялық шабуылшы екінші таймның басында алаңдағы орнын босатты.

Айта кетейік, футболшы 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде жарақат алған оң аяғын тағы да жаралап алды.

Айта кетейік, Неймар осы маусымда Франция біріншілігінде 19 матчқа қатысып, 12 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.