Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен жұптасып, Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда олар Кирстен Флипкенс (Бельгия)/Лаура Зигемунд (Германия) жұбын екі сетте жеңді.

1 сағат 12 минутқа созылған кездесу 6-2, 6-4 есебімен аяқталды.