«Бүгін сары-жасылдар Анталия – Стамбұл — Астана — Қостанай бағыты бойынша үйлеріне қайтады.

Еске салсақ, команда Анадолы жеріне 29 қаңтарда келді. Осы уақыт ішінде қостанайлықтар 6 спарринг өткізді: 4 рет жеңіп, 2 мәрте ұтылды.

Ертең Чурчич шәкірттері аздаған күн демалыс алады. 25 ақпанда сары-жасылдар Қостанайда жиналып, «Тобыл Аренада» жаңа маусымға дайындықты жалғастырады.