Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) әртүрлі салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosorts.kz.

Қазақстандық боксшыларды айтар болсақ, екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек (13-0, 9 КО) 11-орыннан 10-ға көтерілді. Еске салайық, WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы - Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО).

Сондай-ақ бұл дивизионда Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) рейтингте үшінші орында тұр. Супер орта салмақта Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) 12-ші орында қалды.