Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы елордалық «Астана» мен шымкенттік «Ордабасы» арасындағы Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Суперкубогы матчына билеттердің онлайн-сатылымының басталғаны туралы хабарлайды.

Ойын 25 ақпанда Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу елорда уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады.

Билеттерді ticketon.kz сайтынан онлайн сатып алуға болады. Құны 500 және 2500 теңге аралығында.

«Астана Арена» стадионының кассаларында билеттердің сатылымы ойын күні сағат 10:00-ден бастап жүзеге асырылады.