Еуразиялық жекпе-жек промоушені Алматыдағы OCTAGON 41 турнирінің файткардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 ақпанда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында танымал файтерлердің қатысуымен 14 жекпе-жек жоспарланған. Турнирде Георгий «Рыцарь» Кичигин, Нұржан «Бизон» Ақышев, Бауыржан Қуанышбаев, Керім Даидов, Тэймур Жапаров және басқа да файтерлер өнер көрсетеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Дамир Төленов (8-0) тәжікстандық Шерзод Ибодилоевқа (5-0) қарсы аса жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.

Назарларыңызға турнирдің толық файткардын ұсынамыз:

MAIN CARD

56.7 kg

14) Шерзод Ибодилоев (5-0, Тәжікстан) – Дамир Төленов (8-0, Қазақстан)

77.1 kg

13) Тиаго Оливейра (17-8, Бразилия) – Георгий Кичигин (26-10)

65.8 kg

12) Кушал Вяс (11-6, Индия) – Нұржан Ақышев (14-3, Қазақстан)

77.1 kg

11) Фарзад Гадери (16-11, Иран) – Бауыржан Қуанышбаев (13-5, Қазақстан)

56.7 kg

10) Жахонгир Нажмединов (8-4-1, Өзбекстан) – Тэймур Жапаров (11-3-1, Қазақстан)

77.1 kg

9) Али Садегхи (2-0, Иран) – Керім Даидов (6-0, Қазақстан)

61.2 kg

8) Кенжебек Абдрайымов (3-2, Қыргызстан) – Сүндет Айтқул (3-1, Қазақстан)