Жартылай қорғаушы Хвича Кварацхелия А сериясының 23-турындағы «Сассуолоға» (2:0) қарсы матчта 90 жылға созылған «Наполи» рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грузиялық ойыншы Италия чемпионатында оныншы голын соғып, 1930 жылдан бері бір маусымда 10+ гол соққан неаполитандық клубтың ең жас футболшысы атанды.

Хвича кейінгі бес матчта алаңнан нәтижелі әрекетсіз кеткен жоқ. Ол осы кезеңде төрт гол мен төрт нітижелі пас берді.