Армениялық жартылай қорғаушы Петрос Аветисян Ресей бірінші лигасында өнер көрсететін «Нефтехимик» командасында қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы жартылай қорғаушының кейінгі клубы «Ақжайық» болды. Оралдық команда сапында 14 кездесу өткізіп, төрт гол соқты.

Сондай-ақ ойыншы Қазақстанда қостанайлық «Тобыл» мен қарағандылық «Шахтерда» өнер көрсеткен.

Армения құрамасы сапында ойыншы 7 матч өткізіп, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.

Беделді Transfermarkt порталы футболшының құнын 250 мың еуроға бағалап отыр.