«Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Бенжамен Стамбули Францияның чемпионы ПСЖ командасына ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Париждік клуб 24-жастағы футболшымен бесжылдық келісімшартқа отырды. Трансфердің құны әзірге белгісіз.
Қазіргі таңда, француздық ойыншы ПСЖ-мен бірге Нью-Йорктегі оқу-жаттығу жиынында жүр.
Естеріңізге сала кетсек, Стамбули биылғы маусымды «Тоттенхэмде» өткізген болатын.
Комментарии