Мадридтік «Атлетико» «Фиорентинаның» қорғаушысы Стефан Савичті сатып алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Черногориялық ойыншыны сатып алу үшін мадридтік клуб 12 миллион еуро жұмсады. Савич «Атлетикомен» көпжылдық келісімшартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, 24-жастағы қорғаушы биылғы маусымды Фиорентина сапында өткізіп, 42 матчқа қатысқан болатын.