Қазақстандық қақпашы Игорь Трофимец мансабын «Ақсу» сапында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Трофимец Ақтөбе футболының түлегі. Кәсіпқой мансабын 2012 жылы «Ақтөбе Ж» командасында бастаған, ал Премьер-лигадағы дебюті 2016 жылы өтті. 2020 жылы наурызда шымкенттік «Ордабасыға» ауысты.

Футболшының соңғы командасы қарағандылық «Шахтер» болды.