Бүгін, 17 ақпанда ресейлік «Химки» ФК мен «Астана» арасында жолдастық кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Түркиядағы жаттығу стадионында ойнады. Бетпе-бет 3:0 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына аяқталды.

Алдыңғы ойында қызыл-қаралар қазақстандық «Қайсармен» 2:2 есебімен тең түскен болатын.