Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясындағы «Алашкерт»-«Қайрат» қарымта кездесуінде португалиялық Жоао Капела төрелік етеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Капелеге қапталдан Нуну Перейра мен Руи Тейшейра көмектеседі. Қосалқы төреші - Тьягу Мартинш.  

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын шілденің 13-і Ереван қаласында өтеді. Матчтың басталу уақыты – 21:00.