Шабуылдаушы жартылай қорғаушы Евгений Кобзарь оралдық «Ақжайықпен» келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда 30 жастағы ресейлік ойыншы қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсетті.

Кобзарь қарағандылық клубта 12 ойын өткізіп, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Қазақстан кубогында жартылай қорғаушы 5 кездесу өткізіп, екі гол соққан.

Евгений Кобзарь мәскеулік ЦСКА түлегі. Қазақстанға келгенге дейін ол ресейлік «Химки» мен «Сахалин», Эстонияның «Левадия», Латвияның «Спартак», сондай-ақ армениялық «Бананц» пен «Нораванк» командаларында ойнаған.