"Трабзонспор" клубының жанкүйерлері жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияға көмекке келген құтқару топтарына алғыс айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Перформанс Конференция лигасының плей-офф кезеңінде түрік клубы мен швейцариялық "Базель" арасындағы ойын алдында болды.

- Әсерлі сюжет: құтқарушы, бала және ит. Протео атты ит қиранды астынан адамдарды іздестіріп, қажып, күші сарқылғанда өліп қалады, - деп жазды БАҚ Трабзондағы стадионда көрсетілген көріністі түсіндіріп.

Құтқарушының дулығасында үйінді астынан адамдарды іздестіру және құтқару үшін құтқарушылар жіберген елдердің туы бейнеленген. Алғыс тізімінде Қазақстанның туы да бар.Еске салайық, дүйсенбі, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс бөлігінде екі күшті дүмпу болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шеккен.