"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Париж клубының құрамында ойнауды жалғастырғысы келмейді.

Аргентиналық спортшы 30 маусымда аяқталатын ПСЖ келісімшартын ұзартуға асықпайды.

Футболшы басқа клубқа ауысуды ойлап жүр. Ол мансабын Дэвид Бекхэм басқаратын америкалық MLS-тің "Интер Майами"-де жалғастыруы мүмкін.

35 жастағы Месси 2021 жылдан бері ПСЖ-да өнер көрсетіп келеді.

ПСЖ 23 ойында 54 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап тұр. Клуб келесі матчты 19 ақпанда лилльмен бірге өткізеді.