Болгарияның София қаласында дзюдодан өткен Еуропа Кубогында Қазақстан командасы екі медаль иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Ғұмар Қырғызбаев финалда қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге ие болды. 81 келіге дейінгі балуандар арасында Руслан Мұсаев қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Айта кетсек, аталған халықаралық турнирге 43 мемлекетен 400-ге жуық татами шеберлері өнер көрсетуде.