«Ақтөбеде» доп тепкен ресейлік шабуылшы Сердер Сердеров өзбекстандық «Согдиана» командасымен келісімшартқа отырды.

ЦСКА-ның түлегі «Анжи», «Урал», «Крылья Советов», «Славию» (Болгария), «Енисей», «Краковию» (Польша), «Мезекевешд» (Венгрия), «Интер» және «Истра» (Хорватия) командаларында ойнаған.

«Ақтөбе» сапында 22 матчта алаңға шығып, төрт гол мен бір нәтижелесі пастың авторы атанды.