Дортмундтық «Боруссияның» жартылай қорғаушысы Марко Ройс мансабын мадридтік «Реалда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы атақты журналист Танкреди Пальмери мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінде «Реал» мен Ройс арасында келіссөз жүріп жатыр.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Марко «Боруссиямен» келісім-шартын 2019 жылға дейін созған болатын.