ЦСКА Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында мәскеулік «Динамомен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде ЦСКА 2:1 есебімен жеңіске жетті.

ЦСКА сапынан Милан Гайич (55-минут) пен Хесус Медина (87) гол соқты. Ал «Динамоның» жалғыз голын Эли Даса (31) соқты. 58-минутта ЦСКА қорғаушысы Виллиан Роша қызыл қағаз алды.

ЦСКА Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын 19 ақпанда «Рубинмен» жолдастық кездесу өткізгеннен кейін аяқтайды.