Босниялық ойыншы Асмир Сульич қостанайлық клубпен 2023 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асмир Сульич мансабын «Сараево» клубында бастады. Сондай-ақ, «Уйпешт», «Олимпия Любляна», «Диошдьор», «Маккаби Петах-Тиква», «Заглембе» сияқты клубтарда өнер көрсетті. Босния мен Герцеговина жастар құрамасында да ойнады.

Сульич сол қапталда өнер көрсете алады, бірақ негізгі шебі – шабуылдаушы жартылай қорғаушы. Асмир ойынды өрбіту, қарсы шабуылға шығу, дұрыс ашыла білу, дриблинг сияқты футболшыға қажетті қабілеттерді меңгерген.

Хавбек бұған дейін «Сараево» командасының капитаны болды.

Туған жылы: 11 қыркүйек 1991Бойы: 171 смСалмағы: 69 келіАлаңдағы орны: жартылай қорғаушыАзаматтығы: Босния және Герцеговина