15 ақпанда Түркиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясында атакенттік «Мақтаарал» украиналық «Минайға» қарсы бақылау матчын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Закарпат облысының клубы Украина чемпионатының көктемгі бөлігі басталмай тұрып, 14 матчта 14 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнирлік кестесінде 13-орында тұр.

«Мақтаарал» Қазақстан-2022 чемпионатының қорытындысы бойынша 26 ойында 31 ұпай жинап, 8-орын алды.

«Мақтаарал» - «Минай» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 17:55-те басталады.

Фото instagram.com/fc.minaj