«Ертіс» пен «Тараздың» бұрынғы футболшысы Константин Заречный Екібастұзда жаттықтырушы қызметін атқаратын болады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Константин Заречный футболшы кезінде «Екібастұз», «Тараз», «Жетісу», «Атырау», «Алтай», «Ақжайық» командаларында өнер көрсеткен.

Барлығы ҚПЛ-да 279 матч өткізіп, 23 гол соққан. Футболшы мансабын 2021 жылы аяқтады, сол кезде «Ақсуға» ҚПЛ-ға жетуге көмектесті.

Еңбек жолының соңында агент болып жұмыс істеді. Енді Константин Заречный Екібастұздағы Виталий Спарышевтың бапкерлік штабына енді.