Қазақстандық теннисшілер Андрей Голубев пен Александр Недовесов Буэнос-Айресте (Аргентина) өтіп жатқан ATP сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың 1/8 финалының матчында жұптық сында Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшылары Александр Эрлер (Австрия)/Лукас Мидлер (Австрия) жұбын 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды.