Қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцария өкілі Стэн Вавринкамен бірге Роттердамда (Нидерланды) өтіп жатқан ATP турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ашылу кездесуінде Бублик пен Вавринка хорват жұбы Мате Павич/Никола Мектичті 3:6, 7:6 (7:3), 10:7 есебімен ұтты.

Бублик пен Вавринка 6 эйс жасады.