Бүгін «Ақтөбе» ФК ойыншылары жаңа бас бапкерлері Йоан Андонемен танысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті. Румыниялық маманды команда президенті Сағат Еңсегенұлы таныстырды. Өз сөзінде ақтөбелік клубтың басшысы «Ақ-қызыл түстілер» үшін бірнеше кандидат болғанын, бірақ соңғы таңдау Андонеге түскенін айтты. Айта кетейік, 55 жастағы бапкер Қазақстанға бірінші рет келіп тұрған жоқ – ол 2013 жылы «Астананың» тізгінін ұстаған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, ақтөбеліктердің бұрынғы бапкері Владимир Газзаев Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен ұшып кеткеннен кейін өз орнын босатылды.