Ең жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық файтер Сүндет Айтқұл (3-1) Алматыдағы OCTAGON 41 турнирінде октанонға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz ақпарат агенттігі.

Ол кейінгі жекпе-жегінде тәжікстандық Хафиз Сакибековтен (6-1) жеңілген қырғызстандық Кенжебек Абдраиымовпен (3-2) кездеседі.

Айтқұлға келсек, қазақстандық спортшы лигада қатарынан үш рет жеңіске жетті, OCTAGON 35 кешіндегі кейінгі жекпе-жегінде қырғызстандық Ойбек Джураевтан (3-3) басым түсті.

19 ақпанда өтетін жекпе-жек кешінің басты кездесуінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).

Турнирге билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы