Супербоул матчының үзілісі кезіндегі Рианнаның өнерін финалдағы «Чифс» - «Иглз» кездесуінің өзінен де көп көрермен қарады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Рианнаның шоуы 118,7 миллион, ал финалдық ойын 113 миллион қаралым жинады.

Еске салайық, танымал әнші бес жылдан бері алғаш рет Супербоул матчының үзілісі кезінде сахнаға шыққан болатын. Ұлттық футбол лигасы маусымының финалдық ойыны 38:35 (7:7, 7:17, 7:3, 17:8) есебімен «Канзас-Сити Чифстің» пайдасына аяқталды.