Қазақстандық Денис Евсеев Шербур (Франция) челленджер жарысының іріктеу сайыстарынан сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің 307-ракеткасы Денис іріктеу сайысында алдымен франциялық Константин Биттунды 6:3, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Іріктеу сайыстарының финалында Евсеев тағы бір қазақстандық, рейтингте 312-орында тұрған Бейбіт Жұқаевпен шеберлік байқасты.

Аса тартысты өткен матчта Евсеев 6:7 (4:7), 7:6 (8:6), 6:4 есебімен жеңіске жетті.