Қазақстандық қорғаушы Сұлтан Әбілғазы Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында «Елімайға» ауысуы, Смақовпен бірге жұмыс істесу, Медиалига жайлы айтып берді.

– Сұлтан, «Елімай» командасынан ұсыныс қалай түсті?

– Былтыр «Елімай» Бірінші лигаға қатысуға мүмкіндік алған соң агентім хабарласып, ұсыныс бар екенін айтты.

Самат Смақовпен жұмыс істескен қалай екен?

– Бәрі тамаша. Ол Ол өте талапшыл, алаңдағы барлық ұсақ-түйектер мен қозғалыстарға мұқият қарайды. Жаттығу өте қызық өтіп, алдағы маусымға дайындалып жатырмыз.