Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» АФК бас бапкері Кака Meta-ratings.kz басылымына берген сұхбатында ел чемпионатының деңгейі жайлы айтты.

«Мен тәртіпті қолдаймын, футзалды қолдаймын. Бізде болып жатқан дүниенің бәрі – қала чемпионатының деңгейі. Адамдар ережені білмейді», – деді Кака.

Бразилиялық маман Қазақстан чемпионатының кейінгі туры аясында өткен «Каспий» мен «Қайрат» АФК командалары арасындағы матчтан кейін осындай әсер алғанын жасырмады.