«Каспий» футзал клубының жанкүйерлеріне айппұл салынды. Жанкүйерлер 11 ақпан күні спорт кешеніне барар жолда автомобиль жолына шығып, жол қозғалысына кедергі келтірген.

Көлік қозғалысына кедергі келтірген Ford Fiesta және Toyota Camry көлігінің жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекісінің 593-бабы 2-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау), 595-бөлігі 1-бөлігі (маневр жасау қағидаларын бұзу) және 614-бабы 1-бөлігі (көлік құралдарының қозғалысы үшін кедергілер жасау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ қолындағы алауды жерге лақтырған ер адамға да әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынған.