UFC-дің экс-чемпионы Джастин Гейджи (23-4) Рафаель Физиевті уақытынан бұрын жеңетінін мәлімдеді.

- Мен жаттығуға барымды салып жатырмын. Ауыр жұмыс істеп, оны терең ұйқыға жіберемін. Физиевті жеңген соң чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасамын ба? Айта алмаймын... Қазір бар зейінімді осы жекпе-жекке салдым, – деді ол The Schmo YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Жеңіл салмақ рейтингіндегі үздіктер UFC 286 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Ал жарыстың басты кездесуі жартылай салмақтағы Леон Эдварс (20-3) пен Камару Усман (20-2) арасындағы жекпе-жек болмақ.