Еуразиялық промоушеннің жартылай орта салмақтағы экс-чемпионы, қазақстандық файтер Баурыжан Қуанышбаев (13-5) Алматыда өтетін OCTAGON 41 турнирінде өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz

Оның қарсыласы Dragon Boy лақап аты бар тәжірибелі ирандық файтер Фарзад Гадери (16-11) болады. Жекпе-жек 77,1 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, Қуанышбаев OCTAGON 35 турнирі аясында өткен жекпе-жегінде Магомед Магомедовтен (11-0) жеңіліп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулынан айырылған.

19 ақпанда өтетін жекпе-жек кешінің басты кездесуінде Дамир Төленов (8-0) ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қоғайды, қарсыласы - тәжікстандық Шерзод Ибодилоев (5-0).

Турнирге билетті zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы